Неміс сапасының стандарты бар басқы өнімдер

Біздің неміс сапасының стандарты бар өнім сапасы біз үшін үнемі бірінші орында тұрады және тұрақты әрі табысты бизнес үшін едәуір мәнге ие. LR компаниясының өнімге қоятын талаптары өнімдерді әзірлеу, тәуелсіз одақтар мен институттар жүргізетін әртүрлі тестілеу сценарилері, сервис және өнім бойынша кеңес беру сияқты барлық салаларда орындалады.

Біздің шикізат жеткізушілеріміз

aloe-blatt

LR ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің соңғы жетістіктерін назарға ала отырып, жоғары сапалы табиғи шикізатқа аса мән береді. 

Біз тәжірибелі шикізат жеткізушілермен ынтымақтасамыз. Осы ретте біз өте жоғары сатыда тұрмыз: біздің барлық жеткізушілеріміз, таңдап алынбай тұрып, мұқият тексеруден өтеді.  Мұқият тексерілетіні соншалықты, тіпті біз Мексикадағы алқаптың топырағына шейін тексеретін болдық, ол жерде біздің Алоэ Вера Барбаденсис Миллер шикізат түрі өсіріледі.

Бірінші сұрыпты шикізат және оның ұқыпты өңделуі біздің өнімдеріміздің жоғарғы сапа стандарттарына кепілдік береді. Компания ішіндегі өнімдердің сапасын тұрақты тексерулерді, сондай-ақ компаниядан тыс жерлердегі таңдаулы өнімдерді бақылауға алуды тәуелсіз және әйгілі институттар жүзеге асырады,  бұл біздің ассортиментіміздегі барлық өнімдердің сапасын "неміс сапасы стандартына" сәйкес жоғарғы деңгейде тұратынын дәлелдеуге мүмкіндік береді. 

Өңдеу және өндіріс

Біздің өнімдеріміздің көп бөлігі Германияда: Ален қаласындағы өндірістік алаңда шығарылады.

Шетелдік жеткізушілер "Германияда жасалған" сападан да жоғары сапа стандартымен өндірілген өнімдердің кейбір сегменттерін ұсынады. Компания ішіндегі және одан тыс жерлердегі өндірістік объектілер SGS Фрезениус Иститутының мұқият тексеруі мен сертификаттауынан өтеді.

Біздің декоративтік косметиканың бір бөлігі Италияда өндіріледі. Италия парфюмерлік сұйықтықтар рецептурасының сапасына, түстілік және сәндік шешімдерге және өзінің осы саладағы көпжылдық тәжірибесіне кепіл береді. 

 

aloe gel production

Біздің өнімдерді зерттеу және әзірлеу саласындағы меншікті сарапшыларымыз барлық өндірістік процестерді бағыттап және бақылап отырады.  Біздің үздік әрі тәжірибелі командамызға мынадай адамдар кіреді: Сабина Ларсен-Фефринг ханым - өнімдер мен тағамдық қоспаларды әзірлеу жөніндегі басшы, Европадан келген жалғыз өкіл - Халықаралық ғылыми алое комитеті IASC басқармасының мүшесі; Доктор Раймунд Лирхаммер - теріге күтім жасайтын Microsilver заттары бар косметикалық өнімдерді, сондай-ақ нано-алтын негізіндегі косметикаларды әзірлеу жөніндегі басшы.

LR компаниясының меншікті ғылыми кеңесі осы құзыретті команданың бөлігі болып табылады.

Why LR

Values
Company carRemuneration systemRecognition
Success stories

LR products

ZEITGARDProducts cataloguesAloe VeraColostrumMicrosilverDeluxe

LR star-concept

Guido Maria KretschmerCristina FerreiraKarolina KurkovaBruce Willis

Company LR

DevelopmentDirect salesLR GLOBAL KIDS FUND
Д-р Томас ШтофмельThomas HeursenDr. Andreas Laabs

Networked with:

TwitterFacebookXINGLinked inYoutubeInstagram

Member of:

BDDBDIHVKESELDIA

Cooperation with:

Mercedes-BenzVolkswagenPorscheDHLIASCSGS INSTITUT
FRESENIUS
DermatestZEITGARD